jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Испания финалда Аргентинаны жеңіп, футболдан 2026 жылғы әлем чемпионы атанды

    Испания және Аргентина ойыншылары футбол алаңында
    Испания және Аргентина ойыншылары футбол алаңында. Фото: Rico Brouwer/Soccrates/Getty Images

    Әлем біріншілігінің финалында Аргентинамен ойнаған Испания құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды kazinform.kz.

    Кездесу барысында қарсыластар жылдам гол соғуға тырысты. Алғашқы минуттан испаниялық құрама белсенділік танытты. Аргентина қақпасы маңында жиі бой көрсетіп, қорғаушыларды көп әбігерге салды. Ендігі бір сәтте Оңтүстік Америка құрлығының өкілдері қарымта шабуылдар ұйымдастырды.

    Екінші кезеңде испаниялық футболшылар қарқынын арттыра түсті. Осындай сәттің бірінде аргентиналық Энцо Фернандес қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Қосымша кезеңнің 106-минутында испаниялық Ферран Торрес мергендік танытты. Осылайша Испания құрамасы қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, 2026 жылғы әлем чемпионы атанды.

    Негізгі кезең 0:0 есебімен тең аяқталып, қосымша кезеңге ұласты.

    Бір айдан астам уақытқа созылған дүбірлі додада осылайша мәресіне жетіп, тарих шежіресіне жазылып қалады. Финалға жеткен екі құрама да қазірге дейін чемпион атанып үлгерген.

    Испания H тобында екі жеңіс, бір тең ойынмен 7 ұпай жинады. Олар Уругвайды 1:0, Сауд Арабиясын 4:0 есебімен жеңіп, Кабо-Вердемен 0:0 есебімен тең түсті. Одан кейін 1/16 финалда Аустрияны 3:0, 1/8 финалда Португалияны 1:0, 1/4 финалда Бельгияны 2:1 есебімен жеңді. Жартылай финалда Францияны 2:0 есебімен қапы қалдырды.

    Аргентиналық футболшылар J тобында сынға түсіп, бірде-бір ұпайдан шашау шығарған жоқ. Олар Аустрияны 2:0, Алжирді 3:0, Иорданияны 3:1 есебімен тізе бүктіріп, өз тобында тоғыз ұпаймен бірінші орын алды. Одан кейін аргентиналық футболшылар Кабо-Вердені қосымша кезеңде 3:2, Египетті 3:2, 1/4 финалда Швейцарияны қосымша кезеңде 3:1 есебімен жеңді. Олар жартылай финалда Англияны 2:1 есебімен тізе бүктірді.

    Аргентина 3 мәрте жеңіс тұғырына көтерілсе, Испанияның бір мәрте мерейі үстем болды. Жалпы қазірге дейін бар-жоғы сегіз құрама чемпиондық атаққа қол жеткізді. Қазірге дейін барлығы 13 құрама финалда сынға түсті. Олардың арасынан Бразилия, Германия, Италия, Аргентина, Уругвай, Франция, Англия, Испания чемпион атанды. Ал Нидерланд – 3, Чехословакия – 2, Венгрия – 2, Швеция мен Хорватия 1 мәрте финалға шыққанымен, күміс жүлдені қанағат тұтты.

    Испания финалда Аргентинаны жеңіп, футболдан 2026 жылғы әлем чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.