Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы жас футболшылар жылына жарты миллион доллар алады

Жарияланған күні:

Қазақстанда 23 жасқа дейінгі футболшы жылына 500 мың доллар табады деп хабарлайды Nur.kz тілшісі.

Футбол саласында қызмет ететін сенімді дереккөзбен әңгімелесу барысында отандық премьер-лига футболшыларының шамамен қанша жалақы алатыны белгілі болды.

"Әркімнің жалақысы әрқалай. Кей дублерлер айына 20-40 мың доллар табады. Ал лимитшілер 10-12 мың доллар табады. Бізде, тіпті жасы 23-ке енді келетін футболшы лимитші бола тұра жылына 500 мың доллар алады. Жалпы, футболшылардың жалақысы айына 2-3 мың доллардан 60 мың долларға дейін барады. Бірақ бүгінде жалақы мөлшері девальвация салдарынан қайта қаралуы мүмкін", - дейді біздің дереккөз.

Мұндай қаражат табатын футболшы "Қайратта", "Астанада" немесе "Ақтөбеде" ғана болуы мүмкін.

"Ақтөбеде" ең жоғары жалақы алатын  лимитші футболшылар қатарына Дидар Жалмұқанды, Абат Әйімбетовті және Рүстем Сахибовті жатқызуға болады. Алайда, өзге командаларда да лайық футболшылар бар.

"Астанадан" Георгий Жуковты, Михаил Голубничевті және Владислав Меңдібаевты келтіруге болады.

Ал "Қайратта"  лимитшілер қатарына Бауыржан Исламханды, Виталий Лиді, Исламбек Қуатты және Станислав Лунинді жатқызамыз.

Әрине аталғандардан өзге лайықты футболшылар да баршылық.

Жас футболшылардың қайсысы жоғары жалақы (шамамен 137 млн теңге) алатыны әзірге құпия болып қалуда.

Анықтама

Лимитші - ҚПЛ-да ойнайтын жасы 23-ке жетпеген жас футболшы. Премьер-лига командалары әр матч алдында 23 жасқа жетпеген екі футболшыны тізімге қосуы тиіс. Оның бірі алаңға шығарылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/915600-qazaqstandaghy-zhas-futbolshy-zhylyna-zha/