Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хоккейден Қазақстан кубогы 2022 жылғы 24 тамызда басталады

Опубликовано:

Хоккей
Фото: Parimatch Kazakhstan

24 тамызда Хоккей чемпионаты қарсаңында PRO Hokei Ligasy хоккей командалары арасында дәстүрлі Қазақстан Кубогы басталады. Турнир 1 қыркүйекке дейін жалғасады және еліміздің үш қаласын - Қарағанды, Алматы және Нұр-Сұлтанды қамтиды.

Бұл жолы мұз айдынында өткен маусымның рейтингі бойынша "А", "В" және "С" деп үш топқа бөлінген 12 команда кездеседі.

"А" тобында "Хумо", "Құлагер", "Ақтөбе" және турнирдің қазіргі жеңімпазы саналатын "Сарыарқа" командалары өнер көрсетеді. Бұл топтың кездесуі Қарағанды қаласында өтеді. Ал "B" квартетіне "Алматы", "Горняк", "Торпедо" және "Арлан" командалары енді. Бұл топтың матчтары Алматыда өтеді деп күтілуде. Елордада өтетін "С" тобының құрамына "Ертіс", "Снежные Барсы", "Номад" және "Бейбарыс" командалары кіреді.

Хоккей
Фото: Parimatch Kazakhstan
"Қазақстан кубогын тамыз айында өткізу көптен бері жақсы дәстүрге айналған. Командалардың чемпионат басталар алдында жаңа ойыншылардың ойынын бақылап, жаңа комбинацияларды сынап көруге және қажетті жеріне түзетулер енгізуге мүмкіндігі бар. Биыл біз қатысушылардың құрамын сәл өзгерттік, бірақ турнир формуласы өзгерген жоқ. Қазақстан кубогы осы жолы да біздің серіктесіміз – Parimatch беттинг компаниясының қолдауымен өтетінін атап өткім келеді. Үш қалада өтетін турнирді барынша жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін бар күшімізді саламыз. Біз барлық командалардан таза әрі ымырасыз жекпе-жекті күтеміз және жанкүйерлерді біздің матчтарға шақырамыз. Турнир қызықты өтетініне кәміл сенеміз!", - деп QHL басқарушы директоры Андрей Сачук өз ойын білдірді.
Хоккей
Фото: Parimatch Kazakhstan

Алдын ала кезеңнің қорытындысы бойынша төрт команда Кубок үшін күресті жалғастырады. Плей-офф кезеңіне өз топтарының жеңімпаздары, сондай-ақ екінші орын алған командалар арасынан үздік деп танылған команда өтеді. Олардың барлығы алдын ала кезеңнің (Q1-Q4) қорытындысы бойынша рейтингке ие болады. Одан кейін жартылай финал мен финал елордада өтеді. Плей-офф кезеңі 31 тамыз бен 1 қыркүйек аралығына жоспарланып отыр.

Өткен жылдардағы дәстүр бойынша Parimatch беттинг компаниясы PRO Hokei Ligasy ойынына қолдау көрсетіп, титулдық демеушісі атанып отыр, ал турнир "Parimatch – Qazaqstan Kubogy 2022" деп аталатын болады.

Хоккей
Фото: Parimatch Kazakhstan

Parimatch Kazakhstan басшысы Роман Бойко алдағы шара туралы өз пікірін былай жеткізді:

"Parimatch-тың Қазақстан хоккейімен ерекше байланысы бар, сондықтан біз осы жылдың ең маңызды хоккей оқиғасына өз үлесімізді қоса алғанымызға екі есе қуаныштымыз. Бұл біздің рухымызға жақын белсенді спорт түрлерінің бірі, себебі біз де бір қарқынды дамуды таңдаған компаниямыз. Хоккей федерациясымен биылғы маусымға үлкен жоспарларымыз бар, сондықтан күшімізді біріктіру арқылы алдағы шараны жаңа жоғары деңгейде жүзеге асыра аламыз деп ойлаймын. Бұл өскелең ұрпақтың спортқа, оның ішінде хоккейге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/1984473-xokkeiden-qazaqstan-kubogy-2022-zylgy-24-tamyzda-bastalady/

pixel