Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сарыарқа" хоккей клубы PRO HOKEI LIGASY 2022 турнирінде көш бастап тұр

Жарияланған күні:

Pro Hokei Ligasy
Фото: Parimatch

Шайбалы хоккейден Қазақстан тұрақты чемпионаты маусымының бірнеше ойын кезеңдері өтті. Титулдық демеушісі Parimatch болып табылатын "Сарыарқа" хоккей клубы турнир кестесінде көш бастап тұр.

"Бүркіттер" 2022-2023 жылғы маусымды Қазақстанның екі дүркін және қазіргі чемпионы мәртебесінде бастады, Қазақстан кубогын үшінші рет жеңіп алып, айқын фаворит дәрежесін ұстап қалды. "Сарыарқа" хоккей клубының бас бапкері Петерис Скудра маусымға дайындықтың қалай өткенін және ойыншылардың алдағы Континенталды кубокқа қандай деңгейде дайындалып жатқанын айтып берді.

- Қазіргі таңда "Сарыарқа" - маусымдағы бірде-бір матчта жеңілмеген жалғыз команда. Сізде 7 жеңіс сериясы болды, мұндай жетістіктің сыры неде?

- Біз 7 кездесу өткіздік, жеңілмей келеміз. Шынымды айтсам, ешқандай құпия жоқ. Маусым алдындағы кезеңді жақсы өткіздік, оны Қазақстан кубогындағы жеңіспен аяқтадық деп ойлаймын. Бұл командаға биыл ғана қосылған ойыншыларға біраз сенім қосты. Біз әлі де дұрыс әрекеттер мен комбинацияларды іздейміз. Бізде енді ғана қарқын алып келе жатқан жігіттер көп, олардан үміт күтеміз. Ойынның ұйымдастырылуы бізді жақсы деңгейге жетелеп жатыр, бұл бізге жеңіске жетуге мүмкіндік береді. Ілгері келуіміздің басты себебі осы. Бәлкім, біз 60 минут бойы мықты ойын көрсетпеген шығармыз, бірақ бірер көрініс бар. Менің ойымша, бұл бізге чемпионатта нық жүруге мүмкіндік береді

- Алда астаналық "Номадпен" ойнайсыздар, олар - тәжірибелі әрі салмақты қарсылас. Бұл кездесуден не күтуге болады?

- "Номадпен" арадағы матчтар тартысты өтетіні сөзсіз. Біз сыртта ойнаймыз, Номад өз алаңында басқаша, басқыншылықпен ойнайды. Жігіттер дұрыс ойнауға ден қоюы үшін біздің ойын жоспарымызды ұстанулары маңызды. Командадан қызықты ойын мен айрықша шешімдер күтеміз, шабуылшыларымыз бұл кездесулерде ширақ ойнайды. Сондықтан, ойындар жанкүйерлер үшін әсерлі болады деп ойлаймын.

- Қазір өтіп жатқан тұрақты чемпионат қараша айындағы Континенталды кубокқа дайындық деп айтуға бола ба?

- Әлбетте, бұл кезеңдегі тұрақты маусым континенталды кубокқа дайындық кезеңінің бір бөлігі болып табылады. Халықаралық аренада ойнамас бұрын, біз кімнің неге қабілетті екенін түсінгіміз келеді, өйткені ондағы ойындардың жауапкершілігі жоғары болады. Бізге физикалық тұрғыдан ғана емес, тактикалық тұрғыдан да белгілі бір іргетас болуы үшін осы матчтарға дейін көп дайындалып, мықты болып көрінуіміз керек. Континенталды кубок өте қысқа турнир, онда әрбір ойын маңызды, бұл басқа психология. Осыған байланысты жігіттер де ойнаудан қорықпауы үшін шыңдалу керек. Бұл ұзақ мерзімді маусымнан айырмашылығы

– Қазақстандық хоккей маусымнан маусымға өте келе қалай өзгеретінін байқайсыз ба?

- Менің Қазақстанда әзірше тәжірибем жоқ, бірақ Қазақстанға алғаш келгенімде мені лиганың жалпы деңгейі өте жоғары екендігі қуантты. ВХЛ немесе МХЛ-ден келген көптеген жігіттер әр матчқа барынша дайындалу керек екеніне таңғалады, мұнда өтпелі матчтар жоқ. Хоккей ойландырады, үнемі талдау жасауды талап етеді. Жартылай күшпен жеңіс мүмкін емес. Жігіттер жұмыс істеп, жан-жақты дайындалуы керек, тиісінше, бір маусым бойы хоккейдің осы түрін ойнау арқылы жақсарады. Қазақстан чемпионаты күшейіп, кәсіби деңгейде өтіп, әлі талай тәжірибелі жігіттер шығады деп сенейік.

"Номад" - "Сарыарқа" матчына Parimatch-тың ұсынатын коэффициенттері:

Ж1 – 4.70, Х - 4.60, Ж2 – 1.49

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/1989878-saryarqa-xokkei-kluby-pro-hokei-ligasy-2022-turnirinde-kos-bastap-tur/