jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Қос төлқұжаты бар": хоккейден Қазақстан құрамасының ойыншысы ел азаматтығынан айырылды

    Дмитрий Шевченко жанкүйерлер арасында
    Дмитрий Шевченко. Фото: instagram/shev__95

    Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы мен "Барыс" клубының шабуылшысы Дмитрий Шевченко Қазақстан азаматтығынан айырылды. Бұл туралы shaiba.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Шевченконың ел азаматтығынан айырылғанын Астана қалалық көші-қон қызметі де растады.

    Айта кетелік, бұған дейін 27 жастағы хоккейшінің Ресей азаматы бола тұра, Қазақстан құрамасы сапында Бірінші арна кубогіне қатысқаны анықталды.

    Мұны байқап қалған жанкүйерлер тобы "Барыс" клубының қазіргі басшылығы отставкаға кетуін талап етіп, петиция жариялаған болатын. Сондай-ақ қос азаматтығы үшін Дмитрий Шевченконы тексеру қажеттігін ескертті. Үндеу барысында спортшының қос азаматтығын дәлелдейтін құжаттар көрсетіліп, бұл еліміздің қазіргі заңнамасына қайшы екені айтылған.

    Тексеру барысында Дмитрий Шевченконың расында екі азаматтығы бары анықталды. "Қазақстан Республикасының азаматтық туралы" заңына сәйкес, ол ел азаматтығынан айырылды.

    Енді ол шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсете алмайды.

    Дмитрий Шевченко 1995 жылы 15 желтоқсанда Ресейдің Тула облысына қарасты Щёкино қаласында дүниеге келген.

    "Қос төлқұжаты бар": хоккейден Қазақстан құрамасының ойыншысы ел азаматтығынан айырылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.