jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    "Барыс" ойыншысы 56 секунд ішінде қарсылас қақпасына екі шайба соғып кетті

    Алекс Грант айдында
    Алекс Грант. Фото: hcbarys.kz

    Құрлықтық хоккей лигасы аясында астаналық "Барыс" пен Челябинскінің "Трактор" командалары арасында кездесу өтіп жатыр. Аталған матчта қазақстандық клуб алда келе жатыр, деп жазады sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Екінші кезеңде "Барыстың" канадалық қорғаушысы Алекс Грант қатарынан екі шайба соқты. Ол бар болғаны 56 секунд ішінде қарсылас қақпасына екі рет дәл көздеп үлгерген.

    Гол матчтың 19 және 20-минуттарына жазылды.

    Одан бөлек, Александр Борисевич пен Никита Михайлис те бір шайбадан соқты.

    Қазіргі таңда "Барыс" Шығыс конферециясында 10-орында келе жатыр.

    "Барыс" ойыншысы 56 секунд ішінде қарсылас қақпасына екі шайба соғып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.