jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық хоккейші Даррен Диц пен оның жұбайы Іңкәр ата-ана атанды

    Даррен Диц пен Іңкәр
    Даррен Диц пен Іңкәр. Фото: "ЦСКА" хоккей клубы

    Хоккейден Қазақстан құрамасы мен мәскеулік "ЦСКА" клубының ойыншысы Даррен Диц әке атанды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бұл ақпаратты мәскеулік клубтың баспасөз қызметі растады.

    "Даррен мен оның жұбайы Інкәрдің өмірінде қуанышты оқиға орын алды. Ерлі-зайыптылар қызды болды! Бақытты ата-ананы шынжүректен құттықтаймыз және шексіз бақыт тілейміз. Сонымен қатар жана туған нәресте мен анасына денсаулық", - делінген хабарламада.

    Еске сала кетсек, бір жарым жыл бұрын Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Даррен Диц астаналық "Барыстан" Мәскеудің "ЦСКА" клубына ауысты.

    Даррен Диц "Барыс" сапында бес маусым бойы өнер көрсетті.

    Құрлық хоккей лигасында осы кезеңде ол 269 матч өткізіп, 67 гол соғып, 107 нәтижелі пас берді.

    Қазақстандық хоккейші Даррен Диц пен оның жұбайы Іңкәр ата-ана атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.