Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Шайбалы хоккейден үш ойыншы әлем чемпионаты қарсаңында Қазақстан азаматтығынан бас тартты

Опубликовано:

Шайба мен таяқ
Шайба мен таяқ. Фото: pixabay.com

12-28 мамыр аралығында Финляндия мен Латвияда шайбалы хоккейден элиталы дивизиондағы әлем чемпионаты өтеді. Осы орайда Shaiba.kz басылымы аталған сынға қатысатын Қазақстан құрамасының бірнеше ойыншысы ел азаматтығынан бас тартқанын жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Shaiba.kz жазуынша, Құрлықтық хоккей лигасында сәтті өнер көрсетіп жүрген Егор Петухов, Алексей Маклюков және Антон Сагадеев Қазақстан азаматтығынан бас тартқан.

Бұған дейін жанкүйерлер бірнеше хоккейшінің қос азаматтығы барын ескертіп, құзырлы органдардан бұл мәселені жіті тексеруді сұраған. Тексеру нәтижесінде аталған спортшылардың екі ел төлқұжатымен жүргені расталған.

Ал әлем чемпионаты қарсаңында Петухов, Маклюков және Сагадеев Ресей төлқұжатын сақтауды жөн көріп, Қазақстан азаматтығынан бас тартты. Осылайша, олар биылғы әлем чемпионатында ел намысын өз еріктерімен қорғамайтын болды.

Сондай-ақ тәжірибелі қорғаушы Леонид Метельниковтің де әлем чемпионатына қатыспайтыны хабарланды. Хоккейшінің бұл қадамына нақты не себеп болғаны әзірге айтылған жоқ.

Айта кетелік, осы жағдайға байланысты KAZ.NUR.KZ Қазақстан шайбалы хоккей федерациясына ресми сауал жолдады. Федерация жауабын келген бойда жариялайтын боламыз.

Биылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Канада, Словения, Словакия, Чехия, Норвегия, Швейцария және Латвиямен бірге В тобында өнер көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2017010-baq-saibaly-xokkeiden-us-oiynsy-alem-cempionaty-qarsanynda-qazaqstan-azamattygynan-bas-tartty/