jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Хоккейден әлем чемпионаты: қазақ баласы Канада қақпасына гол соқты

    Әділ Бекетаев мұз айдынында
    Әділ Бекетаев. Фото: shaiba.kz

    Шайбалы хоккейден Латвия мен Финляндияда өтіп жатқан әлем біріншілігінде Қазақстан командасы қатарынан үш ойында жеңіліс тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бүгін Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейдің көшбасшысы саналатын Канадамен кездескен болатын.

    Аталған матчта канадалықтар 5:1 есебімен жеңіске жетті. Канада сапынан Маккензи Уигар, Лоусон Крауз, Джоу Велено және Сэмми Блейз шайба соқты. Крауз дубль авторы атанғанын айта кету керек.

    Ал Қазақстан сапынан жалғыз шайбаны Әділ Бекетаев енгізді. Осылайша, ол әлем чемпионаттары тарихында Канада қақпасына гол соққан алғашқы этникалық қазақ ретінде тіркеліп отыр.

    Еске сала кетейік, бұл Қазақстан командасының әлем біріншілігіндегі төртінші ойыны. Бұған дейін Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері Норвегияны жеңіп (4:3), Швейцария мен Чехиядан 0:5 есебімен ұтылып қалған.

    Хоккейден әлем чемпионаты: қазақ баласы Канада қақпасына гол соқты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.