jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан хоккейден әлем чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді

    Қазақстан ұлттық құрамасы Словакияға қарсы
    Қазақстан ұлттық құрамасы Словакияға қарсы: icehockey.kz

    Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Рига (Латвия) және Тампере (Финляндия) қалаларында өтіп жатқан әлем чемпионатында бесінші кездесуін өткізді. Ғалым Мәмбеталиевтің шәкірттері Словакияға қарсы ойнады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Патрик Кох бірінші кезеңде словакияалықтарды алға шығарды. Бірақ қазақстандық хоккейшілер екінші кезеңде бірден үш голмен жауап берді. Чемпионат кезінде Роман Старченко, Валерий Орехов және Евгений Рымарев ерекше көзге түсті.

    Үшінші кезеңде Словакия есесін алып, бірінші голды Ричард Паник соқты. Ал Павол Регенда есепті 3:3-ке жеткізді.

    Овертайм да тең ұпаймен аяқталды. Осы жолы қазақстандықтар буллит сериясында жеңіске жетті. Жеңіс голын Никита Михайлис соқты. 4:3 – Қазақстан әлем чемпионатында өткізген бес кездесуінде екінші жеңісіне қол жеткізді.

    Қазақстан 4 ұпаймен В тобында орташа алтыншы орында тұр.

    20 мамырда Қазақстан Латвиямен, ал 23 күні Словениямен ойнайтынын еске салайық.

    Қазақстан хоккейден әлем чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.