Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Канада құрамасы Хоккейден әлем чемпионы атанды

Опубликовано:

Канада құрамасы
Канада құрамасы. Фото: Andrea Branca/Eurasia Sport Images/Getty Images

Финляндияның Тампере және Латвияның Рига қаласында хоккейден өткен әлем чемпионаты аяқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Байрақты бәсекенің ақтық мәресінде Канада мен Германия құрамалары кездесті. Тартысты өткен матчта Солтүстік Америка құрлығынан келген ұжым 5:2 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Канада хоккейден Финляндияның Тампере және Латвияның Рига қаласында өткен әлем біріншілігінің чемпионы атанып, жаңа әлемдік рекорд тіркеді.

Бұл "үйеңкі жапырақ" елінің әлем чемпионатындағы 28-"алтыны".

Айта кетейік, байрақты бәсекенің үшінші орыны Латвия құрамасына бұйырды. Еуропалық команда медаль үшін матчта АҚШ-тан айласын асырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2022389-kanada-quramasy-xokkeiden-alem-cempiony-atandy/

pixel