Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өмірдің әр сәті үшін күресті": ресейлік хоккейші 22 жасында мидың қатерлі ісігінен қайтыс болды

Опубликовано:

Родион Амиров
Родион Амиров. Фото: allhockey.ru

Уфалық "Салават Юлаев" клубының ойыншысы Родион Амиров 22 жасында көз жұмды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Родионның өмірден өткенін қайғыра хабарлаймыз. Екі жыл бұрын оған өте қауіпті диагноз қойылды. Ол екі жыл бойы мидың қатерлі ісігімен күрескен еді. Ол өмірінің әрбір сәті үшін күресті. Родион жамандық жайлы ойламай, әрбір күнінен рахат алды. Біз оның ерлігі мен өмірге деген талпынысып, күлкісі мен барлық жақсы қасиеттерін есте сақтаймыз", - деп жазды ойыншының агенті Дэн Мильштейн.

Родион Амиров "Салават Юлаевтың" түлегі, ол 2020 жылы драфт бойынша ҰХЛ-дағы "Торонто" клубына ауысқан.

2022 жылдың ақпанында "Торонто" баспасөз қызметі Амировтың қатерлі ісікке шалдыққанын мәлімдеді.

Кейін Родион Уфада аз уақыт ойнаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2032500-omirdin-ar-sati-usin-kuresti-reseilik-xokkeisi-22-zasynda-midyn-qaterli-isiginen-qaitys-boldy/

pixel