jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Көгалдағы хоккейшілер Азиададағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

    Көгалдағы хоккейшілер Азия ойындарында
    Көгалдағы хоккейшілер Азия ойындарында: Спортты дамыту дирекциясы

    Ханчжоудағы ХІХ жазғы Азия ойындарында көгалдағы хоккейден топтық кезең ойындары өтіп жатыр. Қазақстан әйелдер құрамасы Индонезияны 2-1 есебімен жеңіп, сәтсіз серияға нүкте қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    В тобына түскен Қазақстан әйелдер құрамасы Индонезиямен кездесіп, оларды 2-1 есебімен жеңіп кетті.

    Гол авторлары: Виктория Лобанова мен Вера Домашнева. Нұржан Бейбітов баптайтын ойыншылар осыған дейін Таиланд пен Қытай құрамасынан жеңілген.

    Енді шешуші турда 3 қазанда Қазақстан хоккейшілері Жапония командасымен ойнайды.

    Айта кетейік, көгалдағы хоккейден Ұлттық құрама алғаш рет 1998 жылы Бангкоктағы Азиадада бақ сынаған. Үздік нәтижесі 6-орын (Инчхон, 2014 жыл), (Бангкок, 1998 жыл). Сондай-ақ Қазақстан 1999 бен 2017 жылдар аралығында Азия Кубогына 5 мәрте қатысып, 5-орыннан жоғары көтерілмеген.

    Көгалдағы хоккейшілер Азиададағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram