Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барыс" хоккей клубының бас бапкері қызметінен кетті

Опубликовано:

Андрей Скабелка
Андрей Скабелка Фото: hcbarys.kz

Астаналық "Барыс" хоккей клубының бас бапкері Андрей Скабелка қызметінен кетті. Бұл туралы елордалық клубтың ресми сайтында хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Андрей Скабелка "Барыстың" бас бапкері қызметінен кетті. "Барыс" Андрей Владимировичке клубтың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, алдағы мансабында сәттілік тілейді! Бас бапкердің міндетін атқарушы болып 2009 жылдан бері клубтық жүйеде жұмыс істеп келе жатқан Ғалым Мәмбеталиев тағайындалды. "Барыс" жүйесіндегі командалардың бапкерлер штабындағы өзгерістер туралы ақпарат кейінірек жарияланады", - делінген "Барыс" клубының ресми мәлімдемесінде.

Беларусь маманы "Барысты" 2018-2020 жыл аралығында және 2022/23 жылғы маусымында жаттықтырды.

Айта кетейік, Скабелканың тізгінімен "Барыс" клубы соңғы бес кездесуінде жеңіліс тапты. Соңғы ойынын "Витязьге" қарсы өткізді. Матч 3:2 есебімен аяқталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2040023-barys-xokkei-klubynyn-bas-bapkeri-qyzmetinen-ketti/

pixel