Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барыс" хоккей клубы сырт айдында өтетін матчтарға құрамын жариялады

Жарияланған күні:

"Барыс" хоккей клубының ойыншылары
"Барыс" хоккей клубының ойыншылары. Фото: hcbarys.kz

"Барыс" хоккей клубының Тольятти - Сочи - Мытищи - Екатеринбург қалаларында өтетін сырт айдындағы матчтар сериясына аттанған құрамы анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Көшпелі турға аттанған құрамның тізімі мынадай:

Қақпашылар: Никита Бояркин, Эдвард Паскуале, Андрей Шутов.

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Тамирлан Гайтамиров, Кирилл Никитин, Нельсон Ножье, Эмиль Нургалиев, Кирилл Полохов, Давид Скленичка, Егор Шалапов.

Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Райли Барбер, Александр Борисевич, Дмитрий Гурков, Дінмұхамед Қайыржан, Джозеф ЛаБейт, Всеволод Логвин, Батырлан Муратов, Максим Мусоров, Әлихан Өмірбеков, Понтус Оберг, Михаил Рахманов, Кирилл Савицкий, Роман Старченко, Рудольф Червени, Ансар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.

Команданың келесі матчтарын Самат Данияр өткізіп жібереді, ол жарақат алғандар тізіміне енгізілген.

Матч кестесі (Астана уақыты бойынша):

18 қазан күні сағат 21:00-де "Лада" - "Барыс";

20 қазан күні сағат 22:30-да "Сочи" - "Барыс";

22 қазан күні сағат 20:00-де "Куньлунь РС" - "Барыс";

24 қазан күні сағат 20:00 - де "Автомобилист" - "Барыс".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2041577-barys-xokkei-kluby-syrt-aidynda-otetin-matctarga-quramyn-zariyalady/