jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Барыс" хоккей клубы өз алаңында жеңіске жете ала ма

    "Барыс" хоккей клубы
    "Барыс" хоккей клубы. Фото: hcbarys.kz

    Елордалық "Барыс" хоккей клубы өз алаңында ресейлік "Нефтехимик" командасын қабылдайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бүгін, 23 қараша қазақстандық "Барыс" клубы Құрлықтық хоккей лигасының Шығыс конференциясының топтық кезеңі аясында ресейлік "Нефтехимик" ұжымын қабылдайды. Кездесу Астана қаласындағы "Барыс Арена" мұзайдынында сағат 19:30-да басталады. Ойынның тікелей эфирін Qazsport арнасынан тамашалай аласыздар.

    Мұзайдын қожайындары "Барыс" ұжымы Құрлықтық хоккей лигасының Шығыс конференциясында 34 матч өткізіп, 25 ұпай жинаған. Елорда намысын қорғайтын клуб әзірге 11-орынға табан тіреген.

    Ал ресейлік "Нефтехимик" ұжымы 33 ойында 33 ұпай жинап, әзірге 9-орында. Егер мұзайдын қонақтары бүгінгі кездесуде жеңсе, плей-офф ойындарына қатысуға мүмкіндіктері туады.

    Айта кетейік, "Барыс" хоккей клубы осыған дейін "Торпедо" ұжымына қарсы ойнап, 4:2 есебімен ұтылған еді.

    "Барыс" хоккей клубы өз алаңында жеңіске жете ала ма

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.