jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    ҚХЛ: "Барыс" хоккей клубы өз алаңында "Витязды" қабылдайды

    Елордалық "Барыс" ХК
    Елордалық "Барыс" ХК. Фото: hcbarys.kz

    Бүгін, 27 қараша қазақстандық "Барыс" хоккей клубы өз алаңында ресейлік "Витязь" командасын қабылдайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    27 қарашада Құрлықтық хоккей лигасының кезекті туры аясында "Барыс" пен "Витязь" ұжымдары ойнайды. Матч Астана уақыты бойынша кешкі сағат 19:30-ға жоспарланған. "Барыс Аренада" өтетін ойынды Qazsport арнасының тікелей эфирінен тамашалауға болады.

    Кездесу қожайындары "Барыс" командасы Құрлықтық хоккей лигасының Шығыс конференциясында 35 матч өткізіп, 27 ұпай жинаған. Астана қаласының хоккей клубы әзірге 11-орынға табан тіреп тұр. Ал елордаға қонаққа келетін "Витязь" командасы ҚХЛ-дың Батыс конференциясында ең соңғы орында. Ресейлік ұжым 35 ойында небәрі 28 ұпай жинаған.

    Еске салайық, 23 қараша елордалық "Барыс" өз алаңында ресейлік "Нефтехимик" командасын қабылдады. Осы ойынға дейін "Барыс" ұжымы ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында 11-орында болса, "Нефтехимик" 9-орында болды. Астанада өткен кездесу 4:3 есебімен жергілікті команданың пайдасына шешілген еді.

    ҚХЛ: "Барыс" хоккей клубы өз алаңында "Витязды" қабылдайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.