Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барыс" хоккей клубы сырт алаңда жеңіске жете ала ма

Опубликовано:

"Барыс" хоккей клубының қақпашысы
"Барыс" хоккей клубының қақпашысы. Фото: hcbarys.kz

Бүгін, 7 желтоқсан "Барыс" хоккей клубы сырт алаңда "Сибирь" командасына қарсы матч өткізеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бүгін, 7 желтоқсан қазақстандық "Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының Шығыс конференциясының топтық кезеңі аясында ресейлік "Сибирь" ұжымына қарсы кездесу өткізеді. Кездесу Новосибирск қаласындағы "Сибирь Арена" мұзайдынында Астана уақытымен сағат 18:30-да басталады. Тартысты ойынды Qazsport арнасының тікелей эфирінен тамашалауға болады.

Кездесу қожайындары "Сибирь" командасы Құрлықтық хоккей лигасының Шығыс конференциясында 40 матч өткізіп, 41 ұпай жинаған. Новосибирск қаласының хоккей клубы әзірге 8-орынға табан тіреп тұр. Ал елордалық "Барыс" командасы ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында 11-орында. Қазақстандық ұжым 39 ойында небәрі 31 ұпай жинаған.

Айта кетейік, елордалық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты матчында өз айдынында Шығыс конференция көшбасшысы магнитогорскілік "Металлургты" жеңіп, сенсация жасаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2049692-barys-xokkei-kluby-syrt-alanda-zeniske-zete-ala-ma/

pixel