jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық хоккейшілер тоқтап қалған әнұранды өздері орындап шықты (видео)

    Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы
    Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы. Скриншот: instagram/kazakhstanhockey

    Жастар арасындағы хоккейден Әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар тоқтап қалған әнұранды соңына дейін орындады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан хоккей федерациясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Кеше, 11 желтоқсан хоккейден Қазақстан жастар құрамасы Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі кезекті ойында Дания ұлттық құрамасын 3:2 есебімен жеңді. Бұл ұлттық құраманың осы жарыстағы екінші жеңісі.

    Матчтан соң ұйымдастырушылар Қазақстанның әнұранын екі мүмкіндіктен де қоса алмады. Десе де жас спортшылар мұзайдыннан кетпей, әнұранды жанды дауыста өздері орындап шықты.

    Айта кетейік, хоккейден Қазақстан құрамасы жастар арасындағы Әлем чемпионатындағы алғашқы екі ойында да жеңіске жетті. Топтық кезеңнің бірінші матчында Венргия құрамасын 5:2 жеңсе, кеше Дания құрамасын 3:2 есебімен қапы қалдырды.

    Қазақстандық хоккейшілер тоқтап қалған әнұранды өздері орындап шықты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.