Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барыстың" жаңа бапкері сырт алаңдағы ойындарға шақырту алған спортшылардың тізімін жариялады

Опубликовано:

"Барыс" хоккей клубы
"Барыс" хоккей клубы. Фото: hcbarys.kz

Қазақстандық "Барыс" хоккей клубының жаңа бас бапкері Олег Болякин Құрлықтық хоккей лигасының сырт алаңда өтетін ойындарына шақырту алған спортшылардың тізімін жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Барыс" хоккей клубының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Құрлықтық хоккей лигасы Бірінші арна кубогы мен ҚХЛ жұлдыздары арасындағы матчтарға байланысты үзіліске шыққан еді. Енді елордалық ұжым Шығыс конференциясының кезекті туры аясындағы матчтарын Уфа мен Нижнекамск қалаларында өткізеді.

Жаңа бапкердің шақыртуымен сырт алаңдағы ойындарға қатысатын спортшылар тізімі:

Қақпашылар: Юргис Дубинскас, Эдвард Паскуале, Андрей Шутов.

Қорғаушылар: Адиль Бекетаев, Тамирлан Гайтамиров, Самат Данияр, Нельсон Ножье, Эмиль Нургалиев, Кирилл Полохов, Давид Скленичка, Кристиан Хенкель, Егор Шалапов.

Шабуылшылар: Даниил Апальков, Алихан Асетов, Дмитрий Гурков, Энтони Камара, Джозеф ЛаБейт, Всеволод Логвин, Батырлан Муратов, Понтус Оберг, Михаил Рахманов, Евгений Рымарев, Кирилл Савицкий, Роман Старченко, Рудольф Червени, Аркадий Шестаков.

Айта кетейік, қазақстандық маман Олег Болякин "Барыс" хоккей клубының бас бапкері қызметін атқарушы атанған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2051482-barystyn-zana-bapkeri-syrt-alandagy-oiyndarga-saqyrtu-algan-sportsylardyn-tizimin-zariyalady/

pixel