Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тарихта алғаш рет: Қазақстанның үш бірдей хоккей құрамасы әлем чемпионатында ойнайды

Опубликовано:

Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы
Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Будапештте өткен шайбалы хоккейден жастар арасындағы IA дивизионының әлем чемпионаты аяқталды. Жаһандық додада бақ сынаған Қазақстан жастар құрамасы мерзімінен бұрын біріншіліктің бас жүлдесін жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қазақстандық хоккейшілер бастапқы төрт ойында Мажарстан, Франция, Дания және Жапония құрамаларын жеңсе, соңғы матчта Аустрия жастарына булиттер сериясында есе жіберді. Жарыс қорытындысында Сергей Старыгин шәкірттері 13 ұпаймен бірінші орын иеленді. Франция құрамасы – екінші, даниялықтар үшінші орынға ие болды.

Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы
Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Қазақстан жастар құрамасының қақпашысы Владимир Никитин турнирдің үздік қақпашысы атанды. Осы жеңістен кейін Қазақстан тарихи жетістікке қол жеткізді. Яғни, 2024 жылы өтетін әлем чемпионатының топ-дивизионында бірден үш құрамамыз – жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы ұлттық құрама өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.

"Биыл біздің шайбалы хоккейден әр жастағы ұлттық құрамаларымыз тамаша нәтижеге қол жеткізіп, тарихта алғаш рет әлем чемпионатының элиталы дивизионында ойнайтын болды. Осы нәтижелерден-ақ елімізде шайбалы хоккейдің қарқынды дамып келе жатқанын байқауға болады. Жігіттер халықаралық аренада еліміздің намысын абыроймен қорғап, Қазақстанның хоккей елі екенін дәлелдеді. Жерлестерімізді жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймын!", – деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы
Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Еске сала кетейік, осы жылдың сәуір айында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы IA дивизионындағы әлем чемпионатында бірінші орынды иеленіп, элиталы топқа көтерілген болатын. Ол кезде де ұлттық құрамаға Сергей Старыгин жетекшілік еткен еді. Ал ересектер құрамасы топтық кезеңде үш рет жеңіске жетіп, элиталы топтағы орнын сақтап қалды және топ-дивизионда қатарынан төртінші жыл ойнағалы отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2051683-tarixta-algas-ret-qazaqstannyn-us-birdei-xokkei-quramasy-alem-cempionatynda-oinaidy/

pixel