Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барыс" хоккей клубы ҚХЛ-дың плей-офф кезеңіне шыға ала ма

Опубликовано:

"Барыс" хоккей клубы
"Барыс" хоккей клубы. Фото: hcbarys.kz

Елордалық "Барыс" хоккей клубы Шығыс конференциясының турнир кестесінде 12-орында тұрса да, Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алу үшін күресті жалғастырып жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қазір астаналық клуб Шығыс конференциясының кестесінде 33 ұпаймен соңғы орында тұр (12-орын). Әзірге "Барыс" 43 матчқа қатысты. Оның 13 жеңіспен, ал қалған 30 жеңіліспен аяқталды.

Плей-оффқа шығу үшін "Барысқа" кем дегенде 8-орынға көтерілу керек. Ал ол үшін 14 ұпай жетпей тұр. Шығыс Конференциясының 8-орнына ресейлік "Сібір" клубы жайғасқан. "Cібірмен" қазақстандық клуб тұрақты чемпионатта бес рет ойнады және барлық матчта жеңілді.

Осы маусым басталғалы "Барыстың" жаттықтырушылар штабы үшінші рет ауысты. Жыл басында астаналық клубқа белорусьтік маман Андрей Скабелка басшылық етті. Кейін оның орнына Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ғалым Мамбеталиев келді. Артынша "Барыс" басшылығы бас менеджер Олег Болякинді тағайындады. Жаңа жаттықтырушының арқасында хоккейшілер "Сочиге" қарсы үш матчтың біреуінде ғана жеңіске жетті.

Алдағы уақытта "Барыс" 25 ойын өткізеді. Оның 15 матчы өз алаңында болса, 10 кездесуі сырт алаңда. Астаналық хоккейшілердің плей-оффқа шығуға әлі де мүмкіндігі бар.

2023 жылдың соңына дейін "Барыс" өз алаңында 2 матч өткізеді. 28 желтоқсанда омбылық "Авангардқа" қарсы ойнаса, 30 желтоқсанда челябинсктік "Тракторға" қарсы күш сынасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2052477-barys-xokkei-kluby-qxl-dyn-plei-off-kezenine-syga-ala-ma/

pixel