jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    ҚХЛ: "Барыс" өз алаңында "Авангардты" айқын басымдықпен жеңді

    "Барыс" хоккей клубы
    "Барыс" хоккей клубы. Фото: hcbarys.kz

    Құрлықтық хоккей лигасы аясында астаналық "Барыс" өз алаңында омбылық "Авангардты" қабылдады. Кездесу нәтижесінде елордалық клуб 5-1 есебімен қарсыласын ойсырата жеңді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Есепті алғашқы таймда "Барыс" хоккейшісі Даниль Апальков ашты. Бұл елордалық команданың ҚХЛ маусымындағы 100-шайбасы болды.

    Екінші таймда Кирилл Савицкий басымдықты арттырды. Әрі қарай "Барыс" сапынан Энтони Камара, Әлихан Өмірбеков, Давид Скленичка гол соқты.

    Ал "Авангардтың" осы матчтағы жалғыз шайбасын ойынның аяқталуына 3 минут қалғанда Михаил Гуляев салды.

    Осылайша астаналық клуб өз алаңында "Авангардтан" есе қайтарды. Енді 30 желтоқсанда "Барыс" Челябинсктің "Трактор" клубына қарсы ойнайды.

    Жыл басталғалы "Барыс" пен "Авангард" осымен 5-рет кездесті. Бұған дейінгі матч омбылық команданың пайдасына шешілген еді (5:1).

    Қазір "Барыс" клубы Құрлықтық хоккей лигасының турнир кестесінде 21-орында тұр. Ал "Авангард" 6-орынға табан тіреген.

    ҚХЛ: "Барыс" өз алаңында "Авангардты" айқын басымдықпен жеңді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.