jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Барыс" хоккейшісі Әлихан Әсетов ҚХЛ лигасында 250 матч өткізді

    Хоккейші Әлихан Әсетов
    Хоккейші Әлихан Әсетов. Фото: hcbarys.kz

    Елордалық "Барыс" хоккей клубының ойыншысы Әлихан Әсетов Құрлықтық хоккей лигасындағы 250-матчын өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Барыс" командасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Елордалық клубтың "Салават Юлаевқа" қарсы кездесуі Әлихан Әсетов үшін мерейтойлы матч болды. Ол Құрлықтық хоккей лигасы аясында 250-рет мұзайдынға шықты. Осы уақыт ішінде Әсетов 37 (18+19) ұпай жинап, қарсыластарының 71 соққысын тоқтатып, 237 күш техникасын қолданды.

    27 жастағы хоккейші "Барыс" сапына 2013 жылы қосылған. Ол 2017 жылы Қазақстан чемпионы атанды және сол жылы Универсиада ойындарының күміс жүлдесін иеленді.

    Әсетовтен бөлек Рудольф Червени де 200-матчын өткізді. Оның 39 кездесуін чех шабуылшысы "Барыс" сапында ойнады. Рудольфтің активінде 66 (35+31) ұпай бар.

    "Барыс" хоккейшісі Әлихан Әсетов ҚХЛ лигасында 250 матч өткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.