jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Канвон-2024: Қазақстан хоккейшілері Тайбэй құрамасын ірі есеппен ұтты

    Қазақстан хоккейшілері Канвон-2024 Олимпиадасында
    Қазақстан хоккейшілері Канвон-2024 Олимпиадасында. Фото: olympic.kz

    Жасөспірімдер арасындағы Канвон-2024 (Оңтүстік Корея) қысқы Олимпиадасында Қазақстан хоккей құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстандық хоккейшілер Олимпиададағы кезекті ойынын Тайбэй командасына қарсы өткізді. Кездесу 14:2 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына шешілді.

    Енді топтық кезеңдегі соңғы екі ойында ұлттық құрама Испания мен Ұлыбританияға қарсы ойнайды.

    Еске салайық, Қазақстан командасы жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы ойынын Польшаға қарсы өткізіп, 18:8 есебімен ұтқан еді. Кейін қазақстандық хоккейшілер Австриядан 9:8, Латвиядан 11:15, Даниядан 8:6 есебімен жеңіліп қалды.

    Қазір Қазақстан ұлттық құрамасы Канвон-2024 Олимпиадасының медальдар кестесінде 1 алтын, 1 қола жүлдемен 9-орында тұр. Әзірге Италия құрамасы жүлде саны бойынша көш басында (4 алтын, 2 күміс, 2 қола). Екінші орынға Франция (4 алтын, 2 күміс, 1 қола) жайғасса, үздік үштікті Қытай (3 алтын, 4 күміс) түйіндеген.

    Канвон-2024: Қазақстан хоккейшілері Тайбэй құрамасын ірі есеппен ұтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.