jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық хоккейшілер жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалына өтті

    Қазақстан хоккей құрамасы
    Қазақстан хоккей құрамасы. Фото: olympic.kz

    Жасөспірімдер арасындағы Канвон-2024 (Оңтүстік Корея) қысқы Олимпиадасында 3x3 хоккейден Қазақстан құрамасы жартылай финалға жолдама алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстан хоккейшілері топтық кезеңдегі шешуші ойында Ұлыбритания командасын 22:13 есебімен басым түсті. Енді Қазақстан құрамасы финалға шығу үшін ертең Латвияға қарсы ойын өткізеді.

    Еске салайық, Қазақстан хоккей құрамасы жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы ойынын Польшаға қарсы өткізіп, 18:8 есебімен жеңген болатын. Кейін ұлттық құрама Австриядан 9:8, Латвиядан 11:15, Даниядан 8:6 есебімен жеңіліп қалды. Десе де топтық кезеңдегі төртінші ойында қазақстандық хоккейшілер Тайбэйді ұтты (14:2). Артынша Испания командасынан басым түсті (14:4).

    Латвия ұлттық құрамасына қарсы өтетін жартылай финалдық кездесу 24 қаңтарда өтеді.

    Қазақстандық хоккейшілер жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалына өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.