jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Канвон-2024: қазақстандық хоккейшілер Олимпиаданың қола жүлдесіне таласады

    Хоккейный матч Казахстан - Латвия
    Хоккейный матч Казахстан - Латвия. Фото: icehockey.kz

    Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Канвон-2024 қысқы Олимпиадаcында Қазақстан құрамасы 3x3 хоккейден финалға шыға алмады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан хоккей федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Жартылай финалда қазақстандық хоккейшілер турнир кестесінің көшбасшысы Латвия командасына қарсы ойнап, 19:6 есебімен ұтылып қалды. Іріктеу сайыстарында мүлде жеңілмеген латвиялықтар ойынның бірінші кезеңінде 9 шайба салды (9:1). Екінші кезең 2:2 есебімен тең аяқталды. Бірақ шешуші партияда Латвия құрамасы айқын басымдықпен ұтты — 8:3.

    Енді Қазақстан құрамасы екінші жартылай финалда жеңілген командамен қола жүлдеге таласады. Екінші жартылай финал Австрия мен Дания арасында өтеді.

    Еске салайық, Қазақстан хоккей құрамасы жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы ойынын Польшаға қарсы өткізіп, 18:8 есебімен жеңген болатын. Кейін ұлттық құрама Австриядан 9:8, Латвиядан 11:15, Даниядан 8:6 есебімен жеңіліп қалды. Десе де топтық кезеңдегі төртінші ойында қазақстандық хоккейшілер Тайбэйді ұтты (14:2). Артынша Испания командасынан басым түсті (14:4).

    Канвон-2024: қазақстандық хоккейшілер Олимпиаданың қола жүлдесіне таласады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.