jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Психологиялық кедергі бар": "Барыстың" бапкері қатарынан бесінші жеңіліске қатысты пікірін айтты

    Олег Болякин
    Олег Болякин. Фото: hcbarys.kz

    Астаналық "Барыс" хоккей клубының бас бапкерінің міндетін атқарушы Олег Болякин шәкірттерінің Құрлықтық хоккей лигасында қатарынан бесінші рет жеңілуіне қатысты пікірін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Барыс" командасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Кеше, 28 қаңтарда Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы ойында "Барыс" клубы Ресейдің "Ак Барс" (Қазан) ұжымынан 1:3 есебімен жеңіліп қалды. "Ак Барс" сапынан Дмитрий Юдин (4-минутта), Кирилл Семёнов (12-минутта), Митчелл Миллер (46-минутта) шайба салды. Ал "Барыс" командасынан 19-минутта Давид Скленичка көзге түсті.

    Кездесу аяқталған соң "Барыс" хоккей клубының бас бапкерінің міндетін атқарушы Олег Болякин матч туралы пікірін айтты.

    "Жақсы ойын болды. Тағы да айтарлықтай жарқын сәттерді жасадық, бірақ қандай да бір сәтсіздіктер болып жатыр. Мен жігіттерге қақпаның маңындағы аймақта белсенді ойнау керегін айттым. Біз психологиялық кедергіні жеңе алмай келеміз. Құдды голдың бәрін жаңа жылға дейін салып тастаған сияқтымыз. Десе де ойын бойынша жігіттерге шағым жоқ. Әрине түзеуіміз керек шағын дүниелер бар", – дед Олег Болякин.

    Айта кетейік, "Барыс" командасы осымен қатарынан бесінші рет ұтылды. 16 қаңтарда Астанада "Cалават Юлаев" ұжымын жеңгеннен кейін, елордалық хоккешілер "ЦСКА", "Автомобилист", "CКА", "Лада" клубтарына есе жіберген еді.

    Енді "Барыс" келесі ойынын 31 қаңтар күні Астанада "Авангад" (Омбы) командасына қарсы өткізеді. Қазір елордалық клуб Шығыс конференциясының кестесінде cоңғы 12-орынға түсіп қалды.

    "Психологиялық кедергі бар": "Барыстың" бапкері қатарынан бесінші жеңіліске қатысты пікірін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.