Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роман Старченко: Болашақ спортшының бойына қарсыласына құрмет көрсете білуді сіңіруіміз керек

Опубликовано:

Роман Старченко
Роман Старченко. Фото: Parimatch

Астаналық "Барыс" капитаны және Parimatch беттинг компаниясының амбассадоры Роман Старченко балаларға спортқа деген сүйіспеншілікті қалай сіңіруге болатынын және болашақ чемпионды тәрбиелеу әдісін бөлісті.

- Неліктен хоккей балаларға арналған керемет спорт түрі деп ойлайсыз? Мүмкін олай емес шығар?

- Хоккей тәртіпті, еңбекке деген ұмтылысты, өз жұмысын, жақындары мен әріптестерін құрметтеуге тәрбиелейді. Балалар үшін бұл спорт түрі жаңа достар табуға және көңіл көтеруге тамаша мүмкіндік.

- Мықты спортшылар қатарынан болу үшін балаға қандай қасиеттерді сіңіру керек?

- Бірінші кезекте - құрмет. Бұл бәріне – жақындарына, өз еңбегіне және айналасындағыларға, ойынға, мүлікке, қарсыласқа деген құрметке қатысты. Оған қоса, өз алдына мақсат қоя білу. Мансап барысында түрлі жағдайлар болып тұрады – сәтсіздіктер, жарақаттар, жеңілістер. Бірақ жұмысты жалғастырып, өзіңе деген сенімді жоғалтапауың керек.

- Баланы спортпен шұғылдануға қалай ынталандыруға болады?

- Менің ойымша, әр ата-ана өз айлаларын қолданады. Негізгі қиындық - тұрақтылықтың болуы. Яғни, жаттығуды өткізіп алмау, өйткені өткізіп алған жаттығудан кейін басқалармен қатарда болу қиынға соғады. Алайда егер спорт балаға ұнап жатса, ол ерте оянып, жаттығуға өзі сұранады.

- Жалпы, неден бастау керек деп ойлайсыз? Не сатып алу керек, қайда бару керек?

- Алдымен матчқа келіп, баланың қалай әсер алатынын байқап көру керек. Содан кейін мұз айдынына барып, жай ғана сырғанап көруге болады. Егер толқу мен қызығушылық болса, онда балаларды жаттықтыратын мектепке баруға дайын дегенді білдіреді.

- Біздің елде балалар хоккейі қандай жағдайда, сіз қалай ойлайсыз?

- Астана мен Алматыда балаларды жаттықтыратын мектептер пайда болды, онда халықаралық матчтарында, ҚХЛ ойындарында және т.б. тәжірибесі бар жақсы жаттықтырушылар жұмыс істейді. Өңірлерде тұрақты қолдау болмағандықтан жағдай қиындау, осыған байланысты, хоккейді де дамыту сұрағы туындайды.

- Бала кезіңізде хоккейге қалай келдіңіз? Керемет мансапқа қол жеткіземін деп ойладыңыз ба?

- Мен Өскемен қаласының тумасымын. Онда, әдетте, егер отбасында ер бала болса, онда хоккейге баратыны бірден белгілі болатын. Бізде "Торпедо" мықты команда болып саналатын еді. Сондықтан мені бала кезімнен хоккейге берген. Жас болғандықтан, болашаққа көз тікпейтін едім. Әрине, армандарым бар, бірақ оларға қол жеткізу үшін көп жұмыс істеу керек.

*Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2062480-roman-starcenko-bolasaq-sportsynyn-boiyna-qarsylasyna-qurmet-korsete-biludi-siniruimiz-kerek/

pixel