Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барыс" хоккей клубының бұрынғы капитаны ресейлік командаға ауысып кетті

Опубликовано:

Линден Вей
Линден Вей. Фото: hcbarys.kz

Елордалық "Барыстың" бұрынғы капитаны, канадалық хоккейші Линден Вей ресми түрде Омбының "Авангард" командасына ауысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Авангардтың" ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Авангард" хоккей клубы Линден Веймен бір жылға келісімшартқа отырды.

Өткен маусымда 32 жастағы Линден Вей "Адлер Мангейм" командасының құрамында неміс хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында 38 матч өткізіп, 39 (8+31) ұпай жинады. Плей-оффтың жеті ойынында форвард жеті нәтижелі пас берді.

Линден Вей 2017-2018, 2021-2023 жылдары елордалық "Барыс" командасының капитаны болған еді.

Еске салайық, "Барыс" хоккей клубы Роман Старченкомен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде мәлімдеді. Келісімшарт 2025 жылдың 30 сәуіріне дейін есептелген. Бұл Роман Старченконың "Барыс" құрамындағы 16-маусымы болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2094434-barys-hokkei-klubynyng-buryngy-kapitany-reseilik-komandaga-auysty/

pixel