jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық хоккейші әлем чемпионатының жаңа рекордын орнатты (видео)

    Әділ Бекетаев
    Әділ Бекетаев. Фото: instagram.com/ad_beketaev

    Хоккейден Қазақстан құрамасының ойыншысы Әділ Бекетаев Чехиядағы әлем чемпионатында соққы күші бойынша рекорд орнатты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Кеше, 16 мамырда Қазақстан құрамасы Швецияға қарсы ойнап, 3:1 есебімен жеңіліп қалды. Қазақстан сапынан жалғыз голды Әділ Бекетаев салып, соққы күші бойынша рекорд орнатты.

    "Бізде "ең мықты соққы" көрсеткіші бойынша жаңа көшбасшы! Әділ Бекетаев 162,38 км/сағат жылдамдықпен шайба соқты", - делінген Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) Instagram желісіндегі парақшасында.

    Айта кетейік, хоккейден Қазақстан құрамасы Чехиядағы әлем чемпионатының B тобында өнер көрсетіп жатыр. Қазақстандық хоккейшілер жарыстағы алғашқы матчын Францияға қарсы өткізіп, 3:1 есебімен жеңген еді. Кейін Словакияға 2:6, Латвияға 0:2, Швецияға 3:1 есебімен есе жіберді. Енді Қазақстан құрамасы бүгін, 17 мамырда Германияға қарсы ойнайды.

    Қазақстандық хоккейші әлем чемпионатының жаңа рекордын орнатты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.