jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    "259 миллион теңге": елордалық "Барыстың" жаңа хоккейшісі қанша жалақы алады

    Дамир Жафяров
    Дамир Жафяров. Фото: hcbarys.kz

    Белгілі хоккей комментаторы әрі сарапшы Михаил Зислис Telegram желісіндегі "Правый хват" арнасында астаналық "Барыстың" жаңа ойыншысы, ресейлік Дамир Жафяровтың жалақысы жайлы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    30 жастағы хоккейші 2 шілдеде "Барыспен" біржақты келісімшартқа отырған еді. Келісімшарт 1 маусымға жасалған және 2025 жылдың 31 мамырына дейін жарамды болады.

    "Шабуылшы мансабындағы ең үздік бапкер Давид Немировскидің жетекшілігімен ойнайды және 50-55 ұпай жинай алатын қабілеті бар. Маған жеткен мәлімет бойынша, Жафяровтың жалақысы – 550 мың доллар (259 миллион теңге – ред. ескертпесі)", - деді Михаил Зислис.

    Жафяров Құрлықтық хоккей лигасында шамамен 650 матч өткізген. Әр жылдары ол новокузнецкілік "Металлург", Новосібірдің "Сібір", "Торпедо" және СКА командалары сапында өнер көрсетті. Дамир өткен маусымды "Ақ Барста" бастап, артынша "Авангард" құрамын толықтырды.

    Елордалық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымын 4 қыркүйекте өз алаңында "Нефтехимикке" қарсы матчпен бастайды.

    "259 миллион теңге": елордалық "Барыстың" жаңа хоккейшісі қанша жалақы алады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.