jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Барыс" хоккей клубы ҚХЛ-дың жаңа маусымын сәтсіз бастады

    "Барыс" – "Нефтехимик" арасындағы ойын
    "Барыс" – "Нефтехимик" арасындағы ойын. Фото: hcbarys.kz

    Астаналық "Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының 2024/2025 жылғы маусымын жеңіліспен бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Жаңа маусымдағы алғашқы матчта елордалық команда өз айдынында ресейлік "Нефтехимикті" қабылдады. Бірінші таймда командалар бірде-бір шайба соқпады. Ал 37-минутта астаналық форвард Уэйд Эллисон қарсыластың қақпасын дәл көздеп, есеп ашты.

    47-минутта ресейлік клуб сапынан Владимир Брюквин мергендік танытып, есепті теңестірді. Ойынның негізгі уақыты тең аяқталды (1:1). Жарыс жеңімпазы овертаймда белгілі болды. "Нефтехимик" хоккейшісі Жан-Себастьен Ди айдын иелерінің қақпасына екінші шайбаны салды. Осылайша, матч 1:2 есебімен аяқталып, "Барыс" командасы жеңіліске ұшырады. Бұл ойын үшін елордалық ұжымға бір ұпай берілді.

    Енді "Барыс" командасы 6 қыркүйекте өз айдынында Челябинсктің "Трактор" клубын қабылдайды. Ал "Нефтехимик" дәл сол күні "Авангардпен" кездеседі.

    "Барыс" хоккей клубы ҚХЛ-дың жаңа маусымын сәтсіз бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.