jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Барыс" хоккей клубы қатарынан 6 матчта жеңіліс тапты

    "Барыс" – "Амур" ойыны
    "Барыс" – "Амур" ойыны. Фото: hcbarys.kz

    Астаналық "Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымындағы соңғы үш ойынында жеңіліске ұшырады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Елордалық команда Құрлықтық хоккей лигасының өткен жылғы маусымын ең соңғы орынмен аяқтаған еді. Жаңа маусым басталғалы елордалық команда әлі жеңіске жетпеді. Кеше, 9 қыркүйекте ҚХЛ-дің 3-турында астаналықтар "Амур" клубымен өз айдынында кездесіп, ойсырай жеңілді (1:5).

    Матчың бірінші кезеңінде "Барыс" қақпасына жауапсыз екі шайба кірді. Екінші кезеңде де дәл осы жағдай қайталанды. Ойынның соңғы үшінші бөлігінде командалар бір-бір голмен алмасты.

    Осыған дейін "Барыс" Челябинск қаласының ұжымы "Трактордан" 1:4, "Нефтихимктен" 1:2, ал "Сібір" командасынан 0:4 есебімен ойсырай жеңілген еді.

    Айта кетейік, 13 қыркүйекте астаналық клуб өз айдынында Минкстің "Динамосын" қабылдайды.

    "Барыс" хоккей клубы қатарынан 6 матчта жеңіліс тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.