Соңғы 7 ойында 1 рет ғана жеңген "Барыс" хоккей клубы бас бапкерін ауыстырғаннан кейінгі бірінші матчта жеңіске жетті. Астанада "Сочиді" қабылдаған Вячеслав Буцаев шәкірттері 1:0 есебімен басым түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ойындағы жалғыз голды бірінші периодта Уэйд Эллисон соқты. Осыдан кейін қос команда да өткір шабуылдағанымен, қалған 40 минутта мүлдем шайба соғылған жоқ.
Айта кетейік, "Барыс" хоккей клубын маусым басталғанда Дэвид Немировский жаттықтырған болатын. Алайда, ҚХЛ-дегі сегіз ойынның жетеуінде жеңілгеннен кейін ресейлік маман орнынан кетті.
Бас бапкер ойыннан кейін киім ауыстыратын бөлмеген кіріп, хоккейшілерді құттықтады.
"Жанкүйерлер қуанатын болды. Жарайсыңдар. Бүгін бір ұжым болдыңдар. Артқа тарту болған жоқ. Осындай ойынды ары қарай да жалғастыру керек. Жарайсыңдар, жігіттер!", - деді бас бапкер.
Тоғыз матчтан кейін небәрі 5 ұпай жинаған астаналық клуб турнир кестесінің соңғы 12-сатысында келеді. Келесі матчты астаналықтар 28 қыркүйекте өз айдынында "Витязь" командасына қарсы өткізеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2166684-zhankuierler-quanatyn-boldy-barys-zhanga-bapkermen-algashqy-zhengisine-qol-zhetkizdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.