jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Барыс" хоккей клубы бір ойында 10 шайба өткізіп, өзінің антирекордын жаңартты

    "Барыс" хоккей клубы
    "Барыс" хоккей клубы. Фото: hcbarys.kz

    Елордалық "Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында Нижний Новгородтың "Торпедосымен" кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Астанада өткен ойында айдын иелері қақпасына 10 бірдей шайба жіберіп алды. Матчтың қорытынды есебі 1:10.

    "Барыс" бірінші кезеңде қонақтардың екі шайбасына бір дәл соққымен жауап қатты. Оныншы минутта Дмитрий Кагарлицкий есеп ашса, 13-минутта Никита Артамонов есепті еселеді. "Барыс" сапынан 15-минутта Антон Бурдасов гол соқты. Екінші кезеңде қонақтар бес шайбаны қақпамызда тулатты. Мергендігімен көзге түскендер сапында Михаил Орлов (29 минут), Михаил Абрамов (33), Бобби Линч (34), Никита Шавин (35) мен Денис Почивалов (40) бар. Шешуші кезеңде Сергей Гончарук (48), Владислав Фирстов (54) пен Евгений Свечников (55) үш гол салды.

    Қазақстандық клуб 2016 жылы Санкт-Петербургтың СКА ұжымына 0:9 есебімен жеңілген еді. Ал кеше, 30 қыркүйекте өз антирекордын жаңартты. Бұл "Барыс" хоккей клубы тарихындағы ең үлкен жеңілістердің бірі.

    Айта кетейік, "Барыс" енді 3 қазанда сырт айдында "Спартакпен" күш сынасады.

    "Барыс" хоккей клубы бір ойында 10 шайба өткізіп, өзінің антирекордын жаңартты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.