jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Ресейлік сарапшы: "Барыс" хоккей клубында біздің бапкерлер жұмыс істеуі керек

    "Барыс" – "Салават Юлаев" хоккей клубтары
    "Барыс" – "Салават Юлаев" хоккей клубтары. Фото: hcbarys.kz

    "Трактор" хоккей клубының бұрынғы директоры және сарапшы Андрей Баландин астаналық "Барыс" клубының нәтижелеріне және өзгерістеріне қатысты пікірін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "РБ Спорт" сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Андрей Баландин ресейлік сайтқа берген сұқбатында "Барыс" клубындағы ауыс-түйістерге қатысты мәлімдеме жасады.

    "Қазақстандағы хоккейді кеңестік және ресейлік мамандар көтерген. Сондықтан қазір ол жақта біздің ресейліктер жұмыс істеуі керек. Мейлі, қазақтармен бірге жұмыс істеуі керек. Бірақ ол жақта қазір кіммен жұмыс істеу керегін өздері білмей жатқан сияқты. Хоккей билігіне талас жүріп жатқандай.

    "Барыс" – аты мен заты қалыптасқан команда, жанкүйерлері де жақсы нәтижеге үйреніп қалған. Күтетіні де сол. Бірақ, биыл командада селекциялық жұмыс өте нашар жүргізілді", - деді Баландин.

    Еске салайық, ҚХЛ-де соңғы екі маусымда "Барыс" сәтсіз өнер көрсетіп келеді. Былтыр астаналықтар турнирді соңғы орынмен аяқтаса, биыл да 18 матчтың тек үшеуінде жеңіске жетіп, турнир кестесінің соңғы сатысына түсті. Осындай сәтсіздіктерден кейін клуб директоры отставкаға кетіп, бас бапкері де алмасты. Атап айтсақ, "Барысты" ұзақ жыл басқарып келген Борис Иванищевтің орнына қазақ Нұрлан Оразбаев тағайындалса, жаттықтырушы Вячеслав Буцаевты Ғалым Мәмбетәлиев алмастырды.

    Ресейлік сарапшы: "Барыс" хоккей клубында біздің бапкерлер жұмыс істеуі керек

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.