jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық хоккейшілер Азия біріншілігіндегі алғашқы матчында ірі есеппен жеңілді

    Хоккейден Қазақстан құрамасы
    Хоккейден Қазақстан құрамасы. Фото: Olympic.kz

    Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатындағы алғашқы матчын өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бүгін, 6 қарашада шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Оңтүстік Кореямен кездесу өткізді. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 1:4 есебімен жеңіліс тапты.

    Сондай-ақ бұл турнирде бақ сынап жатқан Жапония мен Қытай құрамалары да бүгін кездескен болатын. Нәтижесінде Жапония құрамасы 4:1 есебімен жеңіске жетті.

    Бұл турнирде жеңімпаз айналмалы жүйе бойынша өтіп, турнирлік кесте нәтижелері арқылы белгілі болмақ. Аталған біріншілікте ұлттық құрама қатысушы барлық командамен шеберлік байқасып, өзара мықтыны анықтайды.

    Айта кетейік, Азия чемпионаты 6-9 қараша аралығында Алматыдағы Halyk Arena-да өтеді. Оған Қазақстан, Жапония, Оңтүстік Корея және Қытай құрамалары қатысады.

    Қазақстандық хоккейшілер Азия біріншілігіндегі алғашқы матчында ірі есеппен жеңілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.