jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Ақша үшін ойнамадық": хоккейден ұлттық құраманың жаттықтырушысы Азия чемпионатын қорытындылады

    Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы
    Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: icehockey.kz

    Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушыларының бірі Талғат Жайлауов Алматыда өткен Азия чемпионатында команданың ойынына баға берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Құрамға біз ҚХЛ мен ВХЛ ойындарынан бос хоккейшілерді, сондай-ақ Қазақстан чемпионатында үздік нәтиже көрсетіп жүрген жігіттерді шақырдық. Халықаралық тәжірибе жинау үшін мұндай турнир қазақстандық хоккейшілерге пайдалы болды. Ешкімді бөліп-жарғым келмейді: барлығы өз деңгейінде ойнады.

    Біздің команда "жол-жөнекей" жиналғандықтан, алғашқы матчта жігіттерге үйлесімділік жетіспеді. Ойыннан кейін біз олармен сөйлесіп, қателерді талдап, әрі қарай ондай қателіктерді қайталамауға тырыстық. Қарсыластарымыздың деңгейі де біршама жақсарғаны көрініп тұр. Азиаттық хоккейдің көшбасшылары мұзда жақсы өнер көрсетіп, тактикалық тұрғыдан сауатты дайындалған. Бірақ маған әсіресе жапониялықтар ұнады. Жапония ұлттық құрамасының өзіндік дайындығы мен ерекше ойын мәнері бар.

    Азия чемпионатындағы жеңіс үшін бізге сыйақы уәде етілген жоқ. Бүкіл команда бұл жарыста ақша үшін емес, Қазақстанның намысы үшін ойнады. Турнир жоғары деңгейде өтті. Жанкүйерлерімізге үлкен алғыс айтамыз, олар барлық ойында командаға ерекше қолдау көрсетті", - деді Талғат Жайлауов Telegram желісіндегі "Дядя Ваня" арнасына берген сұқбатында.

    Айта кетейік, хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Алматыда 6-9 қараша аралығында өткен тарихи Азия біріншілігінде алтын медаль жеңіп алды.

    Қазақстан құрамасы алғашқы ойында оңтүстік кореялықтарға есе жіберді (4:1). Бірақ ұлттық құрама екінші матчта Қытай командасын ірі есеппен ұтты (6:1). Ал соңғы ойында Жапония құрамасын 5:1 есебімен жеңді.

    "Ақша үшін ойнамадық": хоккейден ұлттық құраманың жаттықтырушысы Азия чемпионатын қорытындылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.