jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Барыс" ҚХЛ-да қатарынан үшінші мәрте жеңіліске ұшырады

    "Барыс" хоккей клубының ойыншысы Бейбарыс Оразов
    "Барыс" хоккей клубының ойыншысы Бейбарыс Оразов. Фото: hcbarys.kz

    Құрлықтық хоккей лигасының кезекті чемпионаты аясында астаналық "Барыс" клубы ресейлік "Сибирден" сырт алаңда жеңіліс тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Новосібірдегі "Сибирь Аренада" өткен бұл матчта алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетті.

    "Сибирь" хоккей клубы сапынан Тимур Ахияров (16-минут) пен Владимир Бутузов (37-минут) "Барыс" қақпасынан саңылау таба білді.

    Осылайша "Барыс хоккей клубы қатарынан үшінші мәрте жеңіліске ұшырады. Бұған дейін елордалық команда "Авангардтан" (2:3) және "Амурдан" (0:3) жеңілген болатын.

    31 матчтан кейін 21 ұпай жинаған астаналықтар Шығыс конференциясында "Амур" командасын ғана басып озып, соңғы 11-орында тұр.

    Айта кетейік, елордалық "Барыс" хоккей клубы келесі кездесуін 29 қарашада Магнитогорскіде былтырғы Гагарин кубогының иегері "Металлургке" қарсы өткізеді.

    "Барыс" ҚХЛ-да қатарынан үшінші мәрте жеңіліске ұшырады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.