jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты алдында екі жолдастық матч өткізеді

    Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы
    Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

    26 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында Канадада жастар арасындағы шайбалы хоккейден әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы В тобында Оттава қаласында ойнап, топтық кезеңде Чехия, Словакия, Швейцария және Швеция командаларымен кездеседі.

    16 желтоқсанда Астанадағы оқу-жаттығу жиыны аяқталғаннан кейін хоккейшілер Канадаға аттанады. Онда дайындықты жалғастырып, екі жолдастық матч өткізеді: 19 желтоқсанда Германия құрамасына қарсы ойнаса, ал 21 желтоқсанда Орталық Канада хоккей лигасында (CCHL) өнер көрсететін "Хоксбери Хокс" жастар командасымен мұз айдынына шығады.

    Айта кетейік, 27 желтоқсанда Қазақстан құрамасы чемпионатты бастайды. Алғашқы матч шведтерге қарсы болмақ.

    Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты алдында екі жолдастық матч өткізеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.