jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Хоккейден әлем чемпионаты: бүгін Қазақстан құрамасы Германиямен ойнайды

    Қазақстан – Швейцария ойыны
    Қазақстан – Швейцария ойыны. Фото: instagram.com/kazakhstanhockey

    Бүгін, 2 желтоқсанда шайбалы хоккейден 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жоғары дивизиондағы орнын сақтап қалу үшін Германиямен ойнайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Матч 2 желтоқсанда сағат 21:00-де басталады. Тікелей трансляцияны Qazsport телеарнасынан көруге болады. Бұл ойында жеңіске жеткен команда жоғары дивизиондағы орнын сақтап қалады, ал жеңілгені бірінші дивизионның А тобына төмендейді.

    Айта кетейік, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының B тобында өнер көрсетіп, 4 рет жеңіліп, 1 ғана ұпай жинай алды. Ұлттық команда Швециядан 1:8, Чехиядан 2:14, Швейцариядан 1:3, Словакиядан 4:5 есебімен (овертаймда) ұтылып, плей-офф сатысына шыға алмай қалған еді.

    А тобында ойнаған Германия да топтық кезеңді 1 ғана ұпаймен аяқтады. Неміс хоккейшілері АҚШ (4:10), Финляндия (1:3), Канада (0:3) және Латвияға (3:4 овертаймда) есе жіберді.

    Хоккейден әлем чемпионаты: бүгін Қазақстан құрамасы Германиямен ойнайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.