jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан хоккей құрамасы әлем чемпионатының элиталық дивизионынан шығып қалды

    Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы
    Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы. Фото: instagram.com/kazakhstanhockey

    Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатының элиталық дивизионында қалу үшін өткен Германияға қарсы ойында жеңіліп қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Канада астанасы Оттавада өткен матч 4:3 есебімен Германия құрамасының пайдасына шешілді. Қазақстан командасы сапынан Асанәлі Русланұлы (5-минутта), Никита Ситников (18) және Артур Гросс (23) мергендік танытты. Ал жеңімпаздардан Максим Шафер дубль жасаса (5 және 24), Эдвин Тропманн (25) және Юлиус Шумпф (45) бір шайбадан салды.

    Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының жалпы кестесінде соңғы, оныншы орынды иеленіп, элиталық дивизионнан шығып қалды. Ұлттық команда 2025 жылдың соңында IA дивизионында ойнайды.

    Айта кетейік, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңінде B тобында өнер көрсетіп, 4 рет жеңіліп, 1 ғана ұпай жинай алды. Ұлттық команда Швециядан 1:8, Чехиядан 2:14, Швейцариядан 1:3, Словакиядан 4:5 есебімен (овертаймда) ұтылып, плей-офф сатысына шыға алмай қалған еді.

    Қазақстан хоккей құрамасы әлем чемпионатының элиталық дивизионынан шығып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.