jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    АҚШ хоккейшілері қатарынан екінші әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

    Хоккейден АҚШ жастар құрамасы
    Хоккейден АҚШ жастар құрамасы. Фото: Minas Panagiotakis/Getty Images

    Хоккейден АҚШ құрамасы Канаданың Оттава қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Финалдық матчта АҚш хоккейшілері Финляндия құрамасын жеңді. Негізгі уақыт 3:3 есебімен аяқталды. Ойын барысында Финлядния құрамасы 3:1 есебімен алда болғанымен, америкалықтар есепті теңестіріп қана қоймай, овертаймда жеңісті жұлып алды – 4:3. Шешуші шайбаны Тедди Стига соқты.

    Осылайша АҚШ құрамасы қатарынан екінші әлем чемпионатындай жеңімпаз атанды. Сондай-ақ олар жастар арасындағы әлем чемпионатында жалпы есепте жетінші жеңіске қол жеткізді.

    Үшінші орын үшін өткен ойында Чехия құрамасы буллит сериясында Швецияны 3:2 есебімен жеңді. Негізгі уақыт пен овертайм 2:2 есебімен аяқталған болатын.

    Айта кетейік, турнирге Қазақстан құрамасы да қатысқан болатын. Алайда, Қазақстан хоккейшілері сәтсіз өнер көрсетіп, Германия құрамасына шешуші матчта есе жіберіп, элиталық дивизионнан шығып қалды.

    АҚШ хоккейшілері қатарынан екінші әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.