Спорт

Зектілері

19 жастағы қазақстандық хоккейші канадалық клубқа ауысты

Жарияланған күні:

Хоккейші Никита Ситников
Хоккейші Никита Ситников. Фото: instagram.com/officialsit9

Хоккейден Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Никита Ситников канадалық "Коквитлам Экспресс" клубымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ клубтың Instagram-даға ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Коквитлам Экспресс" клубы Британиялық Колумбия хоккей лигасында (BCHL) ойнайды. Команданың бас менеджері Тали Кэмпбелл 19 жастағы Никита Ситниковпен келісімшарт жасалғанын хабарлап, ойыншы туралы пікір білдірді.

"Никита Ситников – шапшаң, епті әрі ақылды шабуылшы. Оның бұл қасиеттері біздің лига үшін өте маңызды. Жанкүйерлер оның ойынын қызығушылықпен тамашалайды деп ойлаймын, ал біз оның үлкен әлеуеті бар деп есептейміз", - деді Кэмпбелл.

Никита Ситников осы маусымды "Снежные барсы" командасында бастады. Ол тұрақты чемпионаттың 27 матчында 11 (5+6) ұпай жинаған. Ал әлем чемпионатында Қазақстан жастар құрамасы сапында ойнап, 5 матчта 2 (1+1) ұпай еншіледі.

Еске салайық, хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Туриндегі (Италия) қысқы Универсиаданы жеңіспен бастаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2211018-19-zhastagy-qazaqstandyq-hokkeishi-kanadalyq-klubqa-auysty/