jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    12:0: хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарын ірі жеңіспен бастады

    Хоккейден Қазақстан құрамасының ойыншысы
    Хоккейден Қазақстан құрамасының ойыншысы. Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

    Шайбалы хоккейден әйелдер құрамасы Қытайдағы қысқы Азия ойындарын жеңіспен бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Турзим және спорт министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Аруларымыз топтық кезеңдегі алғашқы ойынында Гонконгпен кездесіп, 12:0 есебімен жеңіске жеткен.

    Келесі ойын 4 ақпанда Астана уақытымен 16:30-да Таиланд құрамасына қарсы өтеді.

    Шайбалы хоккейден бәсеке 14 ақпан күні мәресіне жетеді.

    Айта кетейік, 7-14 ақпан күндері Қытай Халық Республикасының Харбин және Ябули қалаларында IX қысқы Азия ойындары өтеді. Ойынның салтанатты ашылу рәсімі 7 ақпанда өтеді.

    Қазақстан құрамасынан Азия ойындарына 137 спортшы қатысады. Олар 6 спорт түрінен 10 дисциплинада (конькимен жүгіру спорты, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, биатлон, керлинг, шаңғы жарыстары, тау шаңғысы, фристайл, ски-альпинизм, шайбалы хоккей) өнер көрсетеді. Ұлттық команда 51 медаль жиынтығына таласады.

    Бұған дейін Астанада Қазақстан құрамасын салтанатты шығарып салу рәсімі өткен еді.

    12:0: хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарын ірі жеңіспен бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.