jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    IX қысқы Азия ойындары: хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы ширек финалға шықты

    Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасының ойыншылары
    Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасының ойыншылары. Фото: instagram.com/olympickz

    Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында хоккейден еліміздің ерлер құрамасы ширек финалға шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап хабарлайды.

    Харбиндегі кезекті жарыс күнінде хоккейден Қазақстан ерлер құрамасының жеңіс сериясы жалғасты. Бұл жолы Олег Болякин шәкірттері Оңтүстік Корея командасынан басым түскен. Есеп: 2-1.

    Шайбалар:

    • Кан Юн Сок (0-1) 11 минут, 08 секунд;
    • Артём Лихотников (1-1) 44.58 секунд;
    • Роман Старченко (2-1) 58.42 секунд.

    Осылайша, Ұлттық құрама топтан жеңіліссіз ширек финалға шықты.

    Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Жапониядан 4:1 есебімен басым түскен еді. Ал әйелдер құрамасы Оңтүстік Кореяны жеңді. Овертаймда жеңіс шайбасын Александра Шегай соқты.

    IX қысқы Азия ойындары: хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы ширек финалға шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.