jitsu gif
Спорт

    Қазақстандық хоккейшілер Гонконг командасын 24:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты

    Хоккейден Қазақстан құрама командасы
    Хоккейден Қазақстан құрамасы. Фото: Сали Сабиров. ҰОК баспасөз қызметі

    Бүгін Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында хоккейден еліміздің ерлер құрамасы ширек финалда Гонконгтан басым түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Олег Болякин шәкірттері қарсылас қақпасына жауапсыз 24 шайба тоғытты. Есеп: 24-0. Бұл осы ойындардағы ең ірі есеп.

    Енді жартылай финалда біздің хоккейшілер Оңтүстік Корея/Қырғызстан арасындағы жеңімпазбен ойнайды.

    Еске сала кетейік, Қазақстан топтық кезеңде Қытай, Жапония, Қытайдың Тайпей және Оңтүстік Корея командасын ұтып, ұпайдан шашау шығармаған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.