jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы қысқы Азия ойындарының чемпионы атанды (фото)

    Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы
    Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы. Фото: Нұрғали Жұмағазы, ҚР ҰОК баспасөз қызметі

    Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы ІХ қысқы Азиада ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Финалдық бәске Жапония-Қазақстан құрамаларының арасында өтті. Тартысты матч 5:0 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына шешілді.

    Шайба авторлары:

    • Андрей Буяльский (17 минут, 34 секунд);
    • Дмитрий Бреус (21:02);
    • Роман Старченко (37:59);
    • Кирилл Панюков (42:24);
    • Кирилл Панюков (44:23).

    Турзим және спорт министрлігінің мәліметінше, Роман Старченко мен Кирилл Панюков Харбиндегі бәсекенің үздік мергені атанған (9 шайбадан).

    Шайбалы хоккейден ерлер арасында қола медаль Оңтүстік Кореяға бұйырды.

    Айта кетейік, топтық кезеңде Қазақстан құрамасы Қытай, Жапония, Қытайдың Тайпейі мен Оңтүстік Корея командасын, ширек финалда Қытайдың Гонконг командасын, жартылай финалда тағы Қытайды жеңді.

    Бұдан бөлек, бүгін хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы ІХ қысқы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанғанын естеріңізге сала кетейік. Олар шешуші матчта Оңтүстік Кореядан 3:0 есебімен басым түсті.

    Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы қысқы Азия ойындарының чемпионы атанды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.