jitsu gif
Спорт

    Әлем чемпионаты: Қазақстан хоккей құрамасы Данияға есе жіберді

    Қазақстан мен Дания құрамасының матчы
    Қазақстан мен Дания құрамасының матчы. Фото: Andrea Branca/Eurasia Sport Images/Getty Images

    Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионаты элиталық дивизионындағы төртінші ойынын Данияға қарсы өткізді. Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы В тобында ойнап жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

    Қарсыластары — Финляндия, Чехия, АҚШ, Германия, Дания, Норвегия және Мажарстан. Ойындар Данияның Хернинг қаласында болады.

    Екі құрама бұған дейін алты мәрте шеберлік байқасқан еді. Оның екеуінде қазақстандық хоккейшілер жеңіске жетсе, қалғанында қарсыласына есе жіберді.

    Осы жолғы кездесу барысында даниялық хоккейшілер белсенділік көрсетті. Нәтижесінде олардың қатарынан Миккель Огор 24, Александер Труэ 32-минутта екі шайба соғып кетті.

    Ойынның 46-минутында қазақстандық Никита Михайлис таразы басын теңестірді. Ал даниялық құрамадан Кристиан Вайсе Матиасен 50, Александер Труэ 51, Ник Олесен 59-минутта басымдықты арттыра түсті.

    Осылайша қазақстандық хоккейшілер қарсыласына 1:5 есебімен есе жіберді.

    Қазірге дейін Қазақстан құрамасы Норвегияны (2:1) жеңіп, Германияға (1:4), Мажарстанға (2:4) есе жіберсе, Дания АҚШ-тан (0:5), Швейцариядан (2:5) және пен Чехиядан (2:7) жеңілді.

    Енді қазақстандық хоккейшілер алдағы ойынын 17 мамырда Чехияға қарсы өткізеді.

    Сондай-ақ В тобында АҚШ құрамасы Норвегияны овертаймнан кейін 6:5 есебімен жеңді.Ал А тобында Словакия Францияны 2:1, Швеция Латвияны 6:0 есебімен тізе бүктірді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.